Қоғам

Өткен тәулікте Қазақстанда 115 адам коронавирус жұқтырды

© REUTERS / THE RUSSIAN DIRECT INVESTMENT FUСотрудник лаборатории проводит исследования по разработке вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования по разработке вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі күнге дейін республика бойынша коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 109 623 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 115 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоарпалық комиссия.

"Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында (18) анықталды. Одан кейін Қарағанды облысы (16) мен Нұр-Сұлтан қаласында (13) тіркелді", – делінген хабарламада.  

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 13
  • Алматы қаласы - 12
  • Шымкент қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 6
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Алматы облысы - 4
  • Атырау облысы - 10
  • Шығыс Қазақстан облысы - 18
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 5
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 5
  • Қызылорда облысы - 1
  • Павлодар облысы - 11
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 8.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша індет жұқтырған адамдар саны 109 623-ке жетті.

Жаңалықтар
0