Қоғам

Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев провел встречу с абаеведами
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с абаеведами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ерліктің үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, жаңадан құрылған төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысына табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Бүгін Қазақстанның азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толды. Жуырда елімізде төтенше жағдайлар жөніндегі дербес министрлік қалпына келтірілген болатын. Төтенше жағдайлар комитеті 2014 жылдан бастап ІІМ құрамында жұмыс істеді.

Төтенше жағдайлар қызметі осы уақытқа дейін 1,35 миллионнан астам апат орнына барды.

Қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылды, 334 мыңнан астам адам төтенше жағдай аймағынан эвакуацияланды, 55 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Жаңалықтар
0