Қоғам

Нұр-Сұлтан – Қарағанды тасжолында бекеттер не үшін қойылды – әкімдік жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейская машина на выезде из города
Полицейская машина на выезде из города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан – Қарағанды тасжолында орнатылған бетон блоктардың видеосы тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Желіде Қарағанды облысының айналасында карантиндік блок бекеттердің орнатылғаны туралы ақпарат тарап жүр. Облыстық әкімдік осы мәліметке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Stopfake.kz.

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан – Қарағанды тасжолында орнатылған бетон блоктардың видеосы тарап кеткен. Халық Мұны аймақтарда енгізілетін тағы бір локдаунның белгісі деп отыр. 

Ал 19 қазаннан бастап Қарағанды облысында, шынымен де, карантиндік шаралар күшейтілді. Алайда бұл қалаға кіруге және шығуға тыйым салынады деген сөз емес.

"Өңір бойынша санитарлық бекеттер жұмыс істейтін болады, жалпы 8 бекет бар. Бұл дегеніміз, кіреберісте дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Олар тексеріс шараларын жүргізеді. Соның ішінде сауалнама мен термометрия бар. Бұл блок бекеттер емес", – деді Қарағанды облыстық әкімдіктің қызметкерлері.

Айта кетейік, санитарлық бекеттер Жезқазған, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы аудандарында және екеуі Осакаров ауданында орнатылды.

Әзірше, облыстың карантинге жабылғаны туралы ақпарат жоқ. Егер жүргізуші мен жолаушыларда вирус белгілері байқалмаса, санитарлық бекеттер жол жүруге кедергі келтірмейді.

Жаңалықтар
0