Қоғам

Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте Актоты Раимкулова
Актоты Раимкулова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отырған орталық төрағасының әлі де қызметтен кетпегенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысын тергеуге алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жемқорлық тәртіп бұзушылық туралы хабар түскенін атап өткен министр, қазіргі кезде ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Сәрсенова ханымға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Сот әлі өткен жоқ. Ал заң бойынша тергеуде жүрген адам өз еркімен кетпесе, оны жұмыстан шығаруға болмайды. Ол қызметінен кеткен жоқ", – деді Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, сот шешімі шыққанша кінәсіздік презумпциясы сақталады. Ал кінәлі деп танылған кезде нақты шаралар қабылданады.

"Қазір жаңа екі орынбасары келді. Қазақфильмнің басшысы болған Арман Әсеновке да орынбасарлық қызмет ұсынылған болатын. Бірақ ол бас тартты. Сондықтан соттың шешімі шыққаннан кейін басшының орны босаса, конкурстық шаралар ұйымдастырылады. Соның негізінде жаңа төраға тағайындалады. Меніңше, бізде лайық азаматтар бар", – деп атап көрсетті Райымқұлова.

Оқи отырыңыз: "Бұлардың істеп жүргені - мазақ": Ермек Тұрсынов ашық сұхбат берді

Айта кетейік, биыл мамырдың соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасының ұсталғанын жариялады.  Орталық басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталып отыр.

Жаңалықтар
0