Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы бес адам қайтыс болды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБольница, реанимация
Больница, реанимация  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 682 адам ем қабылдауды жалғастыруда, олардың арасында 125 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде коронавирустан төрт адам қайтыс болса, ковидтік пневмониядан бір адам көз жұмды, деп хабаралады Sputnik Қазақстан.

Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, бір тәулікте 102 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ал ковидтік пневмониямен 51 адам тіркелді. 

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 682 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. Ал 627 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - дейді дәрігерлер.

Стационарда жатқан 83 науқастың жағдайы нашар. Олардың ішінде 12 пациенттің хәлі аса ауыр деп бағаланып отыр. 12 науқас өкпені жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған 109 508 адам тіркелген. Олардың басым бөлігі жазылып шықты. 1 796  науқас қайтыс болды. 1 тамыздан бастап ковидтік пневмония да тіркеледі. Содан бері 35 965 жағдай анықталған. 382 науқас көз жұмды.

Жаңалықтар
0