10:40 31 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1848 0 0

Тоқаев өзінің штаттан тыс кеңесшісі, реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасы Чакрабартимен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтеді, деп хабарлады президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

"Кеңесшім, реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу барысында биылғы 21 қазанда өтетін кеңестің алғашқы отырыcының күн тәртібін талқыладық. Негізгі реформалар айқындалды, оларды пысықтау жуық арада басталуы керек", - деп жазды мемлекет басшысы.

Қыркүйек айында Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Жоғары кеңестің төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал оның орынбасары – сэр Сума Чакрабарти. Бұдан бөлек, кеңес құрамына тағы сегіз адам енді. Олар:

  1. Мамин Асқар Ұзақбайұлы  -  премьер-министр;
  2. Қошанов Ерлан Жақанұлы - президенті әкімшілігінің басшысы;
  3. Досаев Ерболат Асқарбекұлы   - Ұлттық Банк төрағасы;
  4. Келімбетов Қайрат Нематұлы - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
  5. Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы  - Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы;
  6. Исекешев Әсет Өрентайұлы  - президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
  7. Сүлейменов Тимур Мұратұлы  - президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
  8. Құлыбаев Тимур Асқарұлы   - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы.

Бұған дейін президенттің жарлығымен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылған болатын. Агенттік әлемдік тәжірибені зерделеп, нақты реформаларды іске асыру жолдарын ұсынады. Ал реформалар жөніндегі жоғары кеңес осы ұсыныстарды қарап бекітеді. 

Тақырып бойынша

Биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз – Тоқаев
Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі экономика министрлігіне жұмысқа орналасты
Тоқаевтың әкесіне мемориал тақта орнатылды
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып