11:37 23 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR507.21
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3605 0 0

Интернет-ресурстар пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, ақша алуды немесе тегін өнімдердің ұтысына қатысуды ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Желіде танымал тамақтану мейрамханалары мен супермаркеттер желісінің жалған сайттары пайда болды. Осы интернет-ресурстар пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, ақша алуды немесе тегін өнімдердің ұтысына қатысуды ұсынады. Бірақ компаниялар мұндай акция ұйымдастырмағанын мәлімдеді, деп хабарлады Stopfake.kz

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде компаниялар жариялаған сауалнамадан өтуге үндейтін хабарламалар таралып жүр. Сұрақтарға жауап бергені үшін қазақстандықтарға супермаркеттер желісінің кез келген өніміне 30 000 теңгеге дейін жеңілдік купоны беріледі делінген. Компанияның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Ол хабарламаларда анонимді сауалнамадан өткені үшін белгілі бір сомаға купон беріледі делінген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және "Magnum Cash&Carry" ЖШС қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз", – делінген компанияның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Хакерлер таратқан тағы бір спамда жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің атынан тауықтың 3000 порциясына ұтыс жарияланған. Хабарламада көрсетілген сілтеме вирустық сайтқа апарады. Ресми компания да ұтыс туралы қауесетті растаған жоқ.

"Бұл хабарламаның бізге ешқандай қатысы жоқ. Бұл - спам", – делінген KFC Kazakhstan жауабында.

Мамандар вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатуға, күмәнді сайттарға кірмеуге және білмейтін бағдарламаларды жүктемеуге кеңес беріп отыр. Бұдан бөлек, белгісіз мекенжайлардан жіберілген хаттарда тіркелген файлдарды жүктемеу керек. Жарнамалық сілтемелерге де өтпеген дұрыс. 

"Күмәнді сайттарда жеке мәліметтерді қалдырмаңыз, браузерде маңызды шоттар мен банк карталарының құпия сөздерін сақтамаңыз", - дейді олар.

Айта кетейік, бүгінде OLX.kz платформасына ұқсас көшірме-сайттар да жасалады. Компанияның қауіпсіздік қызметі сайттың мекенжайын мұқият тексеріп, оны ресми атауын нақтылауға кеңес беріп отыр.

Тақырып бойынша

"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Facebook-те Тоқаевтың жалған аккаунты пайда болды
Маман әлеуметтік желіде қандай суретті мүлдем бөлісуге болмайтынын айтты
Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды  
"42 500 теңгені қайтару қажет": министрлік желіде тараған ақпаратты түсіндірді
Кілт сөздер:
ұтыс, мәлімдеме, қазақстандықтар
Загрузка...

Басты тақырып