Қоғам

Қорғаныс министрі әскерилердің коронавирустың екінші кезеңіне дайындығы туралы айтты

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаВоенные возобновили дезинфекцию в столице
Военные возобновили дезинфекцию в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан коронавирустың екінші кезеңі басталған жағдайда әскери қызметшілерді, әскери медицина мекемелері мен қажетті арнайы техниканы жұмылдыруға дайын

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан әскери күштері коронавирустың екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Covid-19 екінші толқыны аясында армиядағы ресурстардың дайындығы қамтамасыз етілді. Пандемия кезеңінде іске қосылуы мүмкін арнайы техниканы, авиацияны және әскери медициналық мекемелерді қоса алғанда, РХБҚ (радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау – Sputnik) әскерлерінің күштері мен құралдарының есебі жүргізілді", – деп жазды министр Twitter парақшасында.

Айта кетейік, наурызда Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Әскери қызметкерлер, ұлттық ұлан жауынгерлері мен әскери дәрігерлер блок бекет пен стационарлардағы жұмыстарға, көшені патрульдеуге жұмылдырылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша 400 блок бекетте 52 мыңға жуық адам жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды - видео

Жуырда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрлік алдында блок бекет қою міндетінің тұрмағанын айтты. Сондай-ақ, министр желтоқсанда немесе 2021 жылдың қаңтарында қатаң карантин мен локдаун енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда қазақстандықтар барлық қажетті санитарлық талапты сақтаса, карантин енгізілмейді.

Жаңалықтар
0