21:21 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1635)
50 0 0

Қазір стационарларда екі мыңнан астам науқас емделіп жатыр. Соның ішінде сексен екі адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан төрт адам, ал пневмониядан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте коронавирустан төрт, ал ковидтік пневмониядан бір науқас қайтыс болды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 110 адам вирус жұқтырды, 159 пациентте пневмония диагнозы расталды.

Жалпы 13 наурыздан бері республикада барлығы 109 094 адамда коронавирус анықталды, 1780 пациент көз жұмды.

Ал 1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 35 393 адамға жетті, 374-і қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді

Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирус инфекциясынан 2 789 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 734 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Дәрігерлердің айтуынша, 82 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 14-і хәл үстінде жатыр. 11 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1635)

Тақырып бойынша

Қазақстан тағы төрт елмен әуе рейстерін қысқартады
Өткен тәулікте Қазақстанда 110 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайта енгізіле ме?
Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқушылар саны 180-нен асты
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып