Қоғам

COVID-ке тексеретін ПТР-тестің қаншаға арзандайтыны қазанның соңында белгілі болады

© REUTERS / KACPER PEMPELВрач готовит комплект для ПЦР-теста на коронавирус
Врач готовит комплект для ПЦР-теста на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы кеңесте бетперде мен ПТР-тест бағасын төмендету туралы айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тестілеудің тарифін төмендетуге қатысты ұсыныстар әзірледі. Төмендетілген баға қазан айының соңына дейін бекітіледі. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шығын материалдары нарығында бағаның төмендеуіне байланысты министрлік ПТР-зерттеудің тарифін 22 процентке төмендету туралы ұсыныстар әзірледі. Атап айиқанда, жеке қорғаныш құралдары мен тест-жүйелерінің бағасы төмендетілді. Қажетті келісулерден кейін тариф осы айдың соңына дейін бекітіледі", – деді министр онлайн баспасөз мәслихатында.

Цойдың айтуынша, қазір коронавирусқа тексеретін зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 48 мың тестке дейін жетеді.

Бұдан бөлек, өңірлерге жабдық жеткізіліп, мамандар оқытылып жатыр. Бұл зертханалардың қуаттылығын тәулігіне 63 мың тестке дейін ұлғйтуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: "Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы кеңесте бетперде мен ПТР-тест бағасын төмендетуді тапсырған еді.

Жаңалықтар
0