Қоғам

"42 500 теңгені қайтару қажет": министрлік желіде тараған ақпаратты түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевТелефон, деньги, 42 500 тенге
Телефон, деньги, 42 500 тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі азаматтарға ақшаны қайтару ерікті түрде жасалатынын айтады

АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде 42 500 теңгеге қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады. Бұл жолы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілген қаржыны қайтару қажет екені айтылған.

StopFake сайтының хабарлауынша, желі қолданушылары банктердің мобильді қосымшаларындағы "әлеуметтік көмекті қайтару" парақшасының суретін таратып жатыр. Алайда мемлекет алған қаржыны қайтаруды міндеттеп отырған жоқ.

"Төтенше жағдай кезінде кейбір адамдар әлеуметтік төлемдерді заңсыз түрде алды. Яғни, кірісі болса да төлем алды. Ішінде бұл қаражатты мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдағандары да бар. Төлем берілген уақыттан бастап 180 000 адам қайтарып берді. Бұл ерікті түрде жасалады және МӘСҚ бәрінен төленген ақшаны қайтаруды талап етеді деген сөз емес", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Александр Кононец.

Сәуір айында әлеуметтік көмекті қайтару үшін Kaspi Bank мобильді қосымшасында тиісті функция іске қосылды. Қазір оның қызметі тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Карантин қайта енгізілсе 42 500 теңге қаншаға өседі – Мырзахметов есеп-қисабын айтты

Айта кетейік, табысын жоғалтпаса да алған әлеуметтік төлемді қайтару – әрбір азаматтың ерікті әрі дербес шешімі.

Жаңалықтар
0