Қоғам

Қазақстанда интернет істемей қалды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуИнформационные технологии
Информационные технологии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық интернет қолданушылар сәрсенбі күні таңертең бірқатар сайттарға кіруде қиындықтарға тап болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қазақстанда 14 қазан күні таңертең интернеттен ақау шығып, сайттардың бір бөлігі ашылмай қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сәрсенбі күні таңертең кейбір интернет-порталдар, оның ішінде шетелдік сайттар ашылмады.

Әлеуметтік желілердің жұмысында да проблемалар болды. Мысалы, Twitter желісі үзік-үзік жүктелсе, мессенджерлер, соның ішінде Telegram тұрақсыз жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта интернет ресурстарға қолжетімділікте ешқандай мәселе туындап жатқан жоқ.

Sputnik Қазақстан редакциясы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен осы жағдайдың себебін түсіндіруді сұрады.

Оқи отырыңыз: Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады

Айта кетейік, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс берушілерге қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары, колледж бен университет студенттері де қашықтықтан оқытылады.

Жаңалықтар
0