Қоғам

Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты Маминге тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневПробирки с пробой на коронавирус и калькулятор
Пробирки с пробой на коронавирус и калькулятор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысының айтуынша, қыркүйекте қызмет көрсету саласындағы белсенділікті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып, тамыз айымен салыстырғанда көрсеткіштер жоғарылаған

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді қабылдады. Премьер-министр мемлекет басшысына тоғыз айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Тоқаев үкіметке азаматтардың денсаулығын, шағын және орта бизнестің жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Асқар Мамин бірқатар салада дамудың оң қарқыны байқалатынын айтты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 3,3%-ке жеткен, құрылыс көлемі 10,5%-ке, тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі 9%-ке немесе шамамен 9,6 миллион шаршы метрге артқан.

Оқи отырыңыз: Биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз – Тоқаев

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығындағы өсім көрсеткіші 5%-ті құрады. Қазақстанның алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтері 1 қазандағы мәлімет бойынша 91,1 миллиард долларға жетті.

Үкімет басшысының айтуынша, қыркүйекте қызмет көрсету саласындағы белсенділікті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Тамызбен салыстырғанда сауда-саттық 2,7%-ке, байланыс 1,3%-ке, көлік және қойма 1,2%-ке артқан.

Сонымен қатар премьер-министр 11-12 қазан күндері Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындылары туралы есеп берді.

"Сапар барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтардың нақты жүзеге асырылып жатқанына көз жетті.  Екі ел үкіметі инвестициялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Онда құны 6,1 миллиард доллар болатын 21 жобаны жүзеге асыру көзделген", – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Құжат нарықта да үлкен сұранысқа ие болатын өндіріс орындарын ашуға бағытталған.

Мемлекет басшысы экономиканы дамытудың оң қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі үкіметтің атқарған іс-қимылы жайлы айтты. Сондай-ақ, азаматтардың денсаулығына, шағын және орта бизнестің жұмысына, жалпы экономиканың дамуына шетелде кең тараған коронавирус індетінің кері әсерін болдырмау үшін премьер-министрге еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Жаңалықтар
0