Қоғам

I am singer: Димаш Құдайберген қарындасына сәттілік тіледі – видео

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуДимаш Кудайберген
Димаш Кудайберген  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген Қытайдағы қазақ қызына сәттілік тілеп, арманына жету үшін бар күш-жігерін салуға үндеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың "I am singer" байқауына қатысып жатқан қазақ қызына сәттілік тіледі.

Танымал әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео үзінді жариялады. Онда жоба қатысушысы Мәдина Думанқызы Димаштың "Ұмытылмас күн" әнін орындайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Бүгін мен қарындасымыз Мәдина Думанқызының тамаша дауысын естідім. "Қытай дауысы" жобасының тәлімгері Ли Цзянь мырзаға менің әнімді таңдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Естеріңізде болса, мен "I am a singer" жобасында ауырып қалғанда маэстро Ли конкурсқа өзі қатысып жүрсе де, денсаулығымды ойлап, сирек кездесетін дәрілерді әкеліп берген", – деп жазды Құдайберген.   

Димаш Құдайберген қазақ қызына сәттілік тілеп, арманына жету үшін бар күш-жігерін салуға үндеді.

"Мәдинаға менің "Ұмытылмас күн" әнімді әдемі орындағаны үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Оны кез келген жерде, қалаған уақытта айтыңыздар. Осы әнді тамаша әншінің орындап жатқаны мен үшін үлкен бақыт! Мәдина сәттілік тілеймін! Сенің атақты әнші болатыныңа сенемін! Арманыңа жет!", – деп атап көрсетті Құдайберген.

Оқи отырыңыз: "Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті

Жаңалықтар
0