Қоғам

Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады

© Sputnik / Елена БережнаяВ Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона
В Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандағы 64 құс фабрикасының екеуінде құс тұмауы тіркеліп, 7 облыстағы 78 елді мекенде карантин енгізілді

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауының аяқталуына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауа температурасы түнде нөлге дейін төмендеп, қар жауған кезде бұл вирус өледі. Сондай-ақ, 40-тан 70 градусқа дейін қайнаған кезде вирус жойылады. Меніңше, бір ай көлемінде толық аяқталады", – деді Шәріпов.

Сонымен қатар, Шәріпов нарықта тауық етінің бағасы қалыпты екенін, тек жұмыртқа бағасының көтерілгенін айтты.

"Біріншіден, бір жарым миллион тауықты өлтіріп алдық. Екіншіден, жемнің бағасы өсті. Доллар да көтерілді. Бізге бидайдан басқа керек заттар шетелден келеді. Дәрумен, құрал-жабдық, вакцина – барлығы шетел өнімі. Мәжбүрлі түрде құс фабрикалары бағаны көтеріп жатыр. Оның өзі бізге тиімді емес, себебі баға көтерілсе, Ресей, Беларусь өнімі базарларда көбейеді. Сол себепті қазір көтерілген баға әрі қарай көтерілмейтін шығар деп ойлаймын", – деді Шәріпов.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді

Айта кетейік, Қазақстандағы 64 құс фабрикасының екеуінде құс тұмауы тіркелді. Елдің 7 облысының 78 елді мекенінде құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.

Жаңалықтар
0