Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан 5 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы бір тәуліктің ішінде ковидтік пневмония 4 адамда анықталса, 70 адамда коронавирустық инфекция табылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Соңғы бір тәулікте республика бойынша коронавирус пен ковидтік пневмониядан бес адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, пандемия басталғалы Қазақстанда 108 901 адам коронавирустық инфекцияны жұқтырған. Науқастардың басым бөлігі жазылып шықты.

"Қазіргі кезде 2 927 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 2 103 пациент стационарда, 824 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом қабылдауда. 85 адам ауыр жағдайда, 12 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 13 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – дейді мамандар.

Соңғы бір тәуліктің ішінде ковидтік пневмония 4 адамда анықталса, 70 адамда коронавирустық инфекция табылды.

Оқи отырыңыз: Ауырған атасын өлдіге санаған: Ресейде COVID-19 диагнозымен "тірі адам" жерленді

Айта кетейік, 1 тамыздан бастап Қазақстанда тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың белгілері бар пневмонияларды тіркеу шаралары қолға алынды. Содан бері республика бойынша осы санаттағы пневмониямен 34 913 адам анықталды. 27 709 науқас жазылып шықса, 370 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0