Қоғам

Коронавируспен ауырғандарға қатысты жаңа деректер жарияланды

© REUTERS / LISI NIESNERСотрудник лаборатории держит в руках пробирку с отобранной пробой на коронавирус
Сотрудник лаборатории держит в руках пробирку с отобранной пробой на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін республика бойынша 108 901 адамға коронавирус инфекциясымен ауырғаны туралы диагноз қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция диагнозы расталған 70 жағдай анықталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (12) мен Шығыс Қазақстан облысында (11) анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласында үш науқастың тапсырған тексерісі оң нәтиже көрсетсе, Алматыда – тоғыз, Шымкентте – төрт адамның жұқтырғаны расталды.

Ал Алматы мен Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында бірде-бір жаңа жағдай тіркелген жоқ. 

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 108 901 адамның індет жұқтырған болса, 104 203 науқас дертінен айығып шықты. 1 746 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0