Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

© REUTERS / ATHIT PERAWONGMETHAИнтенсивті терапия палатасындағы дәрігерлер
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирустан 3 022 адам емделіп жатыр, олардың арасында 72 бала бар. 84 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан үш, ал ковидтік пневмониядан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте коронавирустан 3 адам, ал пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте 74 қазақстандықта коронавирус диагнозы расталса, 34 пациент пневмонияға шалдықты.

Жалпы 13 наурыздан бері республикада барлығы 108 831 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды, 1768 науқас көз жұмды.

1 тамыздан бері 34 909 адам пневмониямен ауырды, 368 науқас қайтыс болды.

Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустан 3 022 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 72 бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр, 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Дәрігерлердің айтуынша, 84 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 13-і хәл үстінде жатыр. 11 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0