Қоғам

Тойға 500 адам жиналған: Таразда қонақтар тексеріп келгендерге тап берді

© Sputnik / Юрий Сомов / Медиабанкке өтуЖайылған дастарқан
Жайылған дастарқан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар бұлай жалғаса берсе инфекция қайта өршіп, қоғамға айтарлықтай қауіп төнуі мүмкін екенін айтып дабыл қағып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Таразда мониторинг тобы 500 адам шақырылған тойдың үстінен үсті. Қонақтар тексеріп келгендерге тап беріп, қарсылық білдірген.

Таразда карантинге қарамастан жасырын той жасайтындар тыйылмай тұр. Жұрт мейрамханаларда есікті іштен құлыптап қойып мейман күтетін болған, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Мәселен, кеше 10 дерек тіркелді. Тойханаларда 500 адамға дейін жиналады. Жақында ғана осындай үлкен тойдың үстінен түстік. Той иелерінің өзі бізге тап беріп, қарсылық білдіреді. Мүмкін қонақтардың арасында науқас адам бар шығар? Бір адам жүздеген адамға вирус жұқтыруы мүмкін. Қанша түсіндіруге тырыссақ та жұрт түсінбейді",- деді қоғамдық бақылау тобының мүшесі Николай Чагай.

Тағы оқыңыз: Құдалық пен қыз ұзату тойын өткізген алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынды

Қалада пандемия басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны 1600-ге жуықтады. Ескертулер мен жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан тойхана қожайындары жұмыс істеуін тоқтатар емес. Қазір 12 топ тәулік сайын мониторинг жүргізеді.

Тәртіп бұзғандар анықталған жағдайда хаттама толтырылады. Пандемия басталғалы тойхана иелеріне 15 миллион теңге айыппұл салынған.

Жаңалықтар
0