Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны жүзден асып кетті

© REUTERS / MARCO BELLOВрач укладывает пробирки с пробами для анализа на коронавирус
Врач укладывает пробирки с пробами для анализа на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен астанада көп тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 107 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. 

Бір тәулік бұрын індетке 92 адам шалдыққан болатын.

Соңғы мәліметке сәйкес, вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен астанада көп тіркелді

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 17
  • Алматы қаласы - 11
  • Шымкент қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Алматы облысы - 3
  • Атырау облысы - 8
  • Шығыс Қазақстан облысы - 16
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Қарағанды облысы - 6
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 3
  • Павлодар облысы - 9
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 14
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108 561. 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус пандемиясының өршуінің үш нұсқасын айтқан болатын. Айтуынша, карантин елдегі жағдайға қарай желтоқсанда немесе қаңтарда енгізілуі мүмкін. Ал егер арақашықтық сақталып, тұрғындар 100% маска тағу ережелерін сақтаса, қатаң карантинге жүгінуге қажеттілік болмайды.

Жаңалықтар
0