Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы бес адам қайтыс болды

© REUTERS / YVES HERMANВрачи с пациентом в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи с пациентом в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус пандемиясының өршуінің үш сценарийін айтқан болатын

АЛМАТЫ, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанда бір тәулік ішінде төрт адам коронавирус инфекциясынан, бір науқас Covid-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирус туралы ақпарат

Қазір коронавирустан 3 094 адам емделіп жатыр, оның ішінде 70 бала бар. Стационарларда 1 898 адам, амбулаториялық деңгейде 1 196 науқас бар. 87 адам ауыр хәлде жатыр, 13 адамның жағдайы аса ауыр. 15 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бір тәулікте 92 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды, 139 науқас жазылды, төрт адам қайтыс болды.

2020 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда коронавирустан 1 756 адам қайтыс болды.

Коронавирустық пневмония статистикасы

Өткен тәулікте 266 адамға пневмония диагнозы қойылды, бір адам қайтыс болды. Тоғыз науқас жазылды.

1 тамыздан бастап 34 143 адам пневмонияға шалдықты, 362 адам қайтыс болды, 27 572 адам сауығып шықты.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус пандемиясының өршуінің үш нұсқасын айтқан болатын. Айтуынша, карантин елдегі жағдайға қарай желтоқсанда немесе қаңтарда енгізілуі мүмкін. Ал егер арақашықтық сақталып, тұрғындар 100% маска тағу ережелерін сақтаса, қатаң карантинге жүгінуге қажеттілік болмайды.

 

Жаңалықтар
0