Қоғам

Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны біршама артты

© REUTERS / STEPHANE MAHEМедик достает из контейнера пробирки для анализов на коронавирус
Медик достает из контейнера пробирки для анализов на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
7 қазан күні тек Қызылорда облысында ғана коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Індетке шалдыққандар Шығыс Қазақстанда көп анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 92 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

7 қазан күні тек Қызылорда облысында ғана коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Індетке шалдыққандар Шығыс Қазақстанда көп анықталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 8
  • Алматы қаласы - 10
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Алматы облысы - 4
  • Атырау облысы - 8
  • Шығыс Қазақстан облысы - 19
  • Жамбыл облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 5
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 3
  • Павлодар облысы - 7
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы - 6

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108 454. 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда коронавирус салдарынан 1 746 адам көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус індетінің өршуінің үш сценарийін атаған болатын. Пессимистік болжам дәл келсе, Қазақстанда локдаун желтоқсанның ортасында, ал реалистік сценарий кезінде қаңтарда енгізіледі, деді ол.

Жаңалықтар
0