Қоғам

Тоқаев ана өлімінің көбеюіне қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в международной конференции, посвященной 25-летию Конституции Казахстана
Касым-Жомарт Токаев принял участие в международной конференции, посвященной 25-летию Конституции Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы 8 айдың ішінде 36 әйел қайтыс болса, биыл қаңтар-тамыз айында осы көрсеткіш 131-ге дейін өскен

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде ана өлімі көрсеткіші бірнеше есе көбейіп кеткенін мәлімдеді. Осыған байланысты мемлекет басшысы тексеріс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

"Үкімет медициналық көмектің өзге түрлерін де көрсетуді ұмытпауы тиіс. Ана мен бала денсаулығын қорғау – негізгі басымдықтың бірі. Өкінішке қарай, ана өлімі көрсеткіші барлық өңірде бірнеше есе көбейіп кетті", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы 8 айдың ішінде 36 әйел қайтыс болса, биыл қаңтар-тамыз айында осы көрсеткіш 131-ге дейін өсті.

"Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беру керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: "Екі апта ішінде қамтамасыз ету керек": президент үкіметке тапсырма берді

Осыған байланысты президент үкіметке өңірлермен бірлесе отырып, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп шыққаннан кейін нәтижесін өзіне баяндауды тапсырды.

"Ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық және медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсету – ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ. президент әкімшілігіне осы мәселені бақылауға алуды тапсырамын", - деді Тоқаев.

Жаңалықтар
0