Қоғам

COVID-19-дан қайтыс болған дәрігерлер отбасына жәрдемақы беру тәртібі өзгереді

© REUTERS / YVES HERMANВрач держит пациента в палате интенсивной терапии
Врач держит пациента в палате интенсивной терапии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің тек 37-сінің отбасына өтемақы төленуі жол беруге болмайтын жағдай екенін айтты

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына төлем жасауды тапсырды. 

Сондай-ақ, президент екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін қолдау үшін бюджеттен 150 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтты.

"Алайда үстемеақы мен сақтандыру төлемдерін беруде әлі күнге дейін бюрократиялық кедергілер туындап жатыр. Тіпті бұл мәселемен парламент айналысты. Кей жерде үстемеақыға байланысты "цифрлардың ойыны" жалғасып жатыр, бөлу барысында айқындық жоқ. Бұған жол беруге болмайды. Оның үстіне бас дәрігерлер жұмыс істеген уақыт бойынша есепті дәрігерлердің пайдасына шешпеуге тырысып отыр", - деді Тоқаев коронавирустың екінші кезеңіне дайындық жөніндегі кеңесте.

Сонымен қатар Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде 182 медицина қызметкерінің қайтыс болғанын айтты.

"Қазір ол жағдайларды түрлі комиссия қарастырып жатыр, жәрдемақы тек 37 отбасыға төленді. Бұған мүлде жол беруге болмайды", - деді Тоқаев.

Өлім себептерін постфактум анықтау көптеген қиындық тудырады, оның ішінде этикалық мәселе де бар.

"Осыған байланысты үкіметке осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі тергеу жүргізбей, қаза тапқан дәрігерлердің отбасына барлық тиісті жәрдемақыны төлеу тапсырылады. Қызметін атқару кезінде инфекция жұқтырғаны расталған жағдайлар бойынша төлем сөзсіз қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс", - деген тапсырма берді президент.

Тоқаев өңірлердің әкіміне бұл мәселені жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Жаңалықтар
0