Қоғам

Қазақстанда жемқорлық субъектілеріне жататын лауазымды тұлғалар шеңбері кеңейтілді

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сыбайлас жемқорлық субъектісіне кіретін лауазымды тұлғалар шеңбері кеңейтілді. Олар заңнама бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

"Бұдан былай сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті, мемлекеттік бюджеттен және ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу және іске асыруға жауапты, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатады", - деп мәлімдеді Бектенов.

Айтуынша, аталған лауазымды тұлғалар "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңда көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда жауапкершілікке тартылады.

Бектенов бұрын мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қолданылатынын еске салды. Бұл өзгеріс квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тарапынан қызметін теріс пайдаланудың алдын алудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың тиімді шарасы болады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізіліп жатыр.

"Комплаенс – батыс елдерден келген ұғым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып табылады", - деп түсіндірді ол.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік қызметшіге сыйлық беруге тыйым салынды – қандай жаза қарастырылған

Айта кетейік, мемлекет басшысы 7 қазанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заң жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған.

Жаңалықтар
0