Қоғам

Қазақстанда коронавирус салдарынан үш адам қайтыс болды

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония індетіне 262 адамның шалдыққаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда үш адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан болатын өлім жағдайлары тіркелмеген, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Коронавирус белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 262 адамда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония жағдайы тіркелді, 46 адам жазылып шықты.

Жалпы, 1 тамыздан бері елімізде 33 877 адам ауырып, 361 науқас қайтыс болды. Ал жазылып шыққандар саны 27 563-ке жетті.

Коронавирус жағдайы бойынша деректер

Бүгінгі таңда елімізде 3 145 адам коронавирустық инфекциядан емделуде. Оның ішінде 74 бала бар. Ауруханаларда 1 882 науқас жатыр, амбулаториялық деңгейде – 1 263 пациент ем қабылдауда. 89 адамның жағдайы ауыр, 15-і ауыр дәрежеде және 15 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте COVID-19 ауруының 66 жағдайы анықталды. 98 науқас сауығып шығып, үш науқас қайтыс болды.

13 наурыз бен 7 қазан аралығында коронавирустық инфекцияның 108 362 жағдайы тіркелді. 103 465 адам жазылып шығып, 1 752 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0