Қоғам

Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекітті

© Sputnik / Абзал КалиевКасым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты
Касым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау, тауар биржалары қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау саласына басшылық жасайды  

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекіту туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері жаңа агенттікке беріледі.

Оқи отырыңыз: Президент екі жаңа агенттік құру жөніндегі жарлыққа қол қойды 

Жаңа ведомство Қазақстан президентіне тікелей бағынады және есеп береді. Агенттік бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу, сондай-ақ тауар биржаларындағы қызметті мемлекеттік бақылау және лицензиялау саласына басшылық жасайды.

Сонымен қатар, қаулымен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымы мен ережелері бекітілді.  

Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан президентінің әкімшілігіне жүктеледі. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Жаңа агенттік туралы не білеміз

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында бәсекелестікті қорғау мен дамыту бойынша мықты және тәуелсіз орган қажет екенін мәлімдеді. Ол президентке тікелей есеп беретін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құруды тапсырды.

Жаңа ведомствоны бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министрі) болып қызмет еткен Серік Жұманғарин басқарады.  

Жаңалықтар
0