Қоғам

Коронавирус індеті: екі өңір мен бір қалада COVID жұқтырғандар тіркелген жоқ

© REUTERS / FRANCOIS LENOIRСотрудник лаборатории проводит анализ проб на коронавирус
Сотрудник лаборатории проводит анализ проб на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте тек үш өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмегені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 60 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

4 қазанда алты өңірде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелмеген еді. Ал 5 қазан күні статистика өзгеріп, бірде-бір тұрғын COVID-19-ға шалдықпаған өңір саны үшке дейін қысқарды.  Олар: Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Қызылорда облыстары.

Бұған дейінгідей Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында вирусқа шалдыққандар саны көп.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2
  • Алматы қаласы - 5
  • Ақмола облысы - 4
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 16
  • Жамбыл облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 6
  • Қостанай облысы - 2
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 5
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы - 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108 296. 

Жаңалықтар
0