Қоғам

Президент мемлекеттік қызметті пайдалану кезінде биометрияны енгізуді тапсырды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуОператор по приему биометрических данных
Оператор по приему биометрических данных  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Тоқаевқа интернет байланысының сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстары туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президентке интернет байланысының, әсіресе, ауылдық жерлердегі сапасы мен қолжетімділігін арттыру, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын трансформациялау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшіру жұмыстары туралы министрліктің есебі берілді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа инновациялық экожүйені қалыптастыру жолдары, аэроғарыш саласын дамыту, сонымен қатар, экспортқа шығарылатын бәсекеге қабілетті өнім әзірлеу үшін IT саласы бойынша кәсіби мамандар даярлау жоспары жөнінде баяндалды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы білім беру платформасын дамытудың, қашықтан білім беру үдерісіне техникалық тұрғыдан көмек көрсетудің, мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын электронды оқулықтар мен цифрлық білім беру ресурстарын дамытуға бағыттаудың маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жыл соңына дейін 5 мыңнан аса елді мекен интернетке қосылады 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинге мемлекеттік қызметті пайдалану кезінде биометрия тетіктерін енгізу, цифрландыруды басқару жүйесіне реформа жүргізу, "Зерде" холдингінің рөлі мен жауапкершілігін арттыру  жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы радиотолқындарды бөлудің ашық тетіктерін енгізуді тапсырды. 

Жаңалықтар
0