Қоғам

Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлағандарға сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қару ұрлау ісіне қатысы сегіз адам жауапқа тартылды. Ал сот процесі алты айдан астам уақытқа созылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Шымкенттегі әскери бөлімнен қару ұрлау фактісі бойынша 8 айыпталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды жергілікті Оtyrar.kz сайты.

"Сот үкімімен Абылай Балғынбай қару ұрлау әрекетінің басты ұйымдастырушысы ретінде танылып, 10 жыл бас бостандығынан және әскери шенінен айырылды. Сондай-ақ, оған айыппұл салынды. Ал оның сыбайластары – Қамбар Шадияр мен Мәлік Бақдәулет 8 жылға, Шыңғыс Шатай 5 жылға, Бауыржан Дамиров пен Бағдаулет Арын және Орынбек Қанағат 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығы да жәбірленуші тарапқа 53 020 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысы бар Бекжан Сержанға 1 миллион 219 мың теңге айыппұл салынды. Ол да жәбірленуші қорына 26 520 теңге төлеуі тиіс.

Айта кетейік, аталған қылмысқа қатысы бар 8 адам жауапқа тартылды. Ал сот процесі алты айдан астам уақытқа созылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Әскери бөлімнен қару ұрлау ісі

Осы жылдың 19 ақпаннан 20 ақпанға қараған түні келісімшарт бойынша жұмыс істейтін сержант Абылай Балғынбай әскери салаға қатысы жоқ 1995 және 1996 жылы туған екі досымен бірге 29 автомат, 28 тапанша мен екі қару пышағын ұрлап кетті.

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қару-жарақ әскери бөлімнен бір уақытта шығарылмағанын айтты. Ұрлық қаңтардың соңынан ақпанның ортасына дейін жасалған.

Оқи отырыңыз: Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлаған сержант кім көмектескенін айтты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің бірлескен жедел-тергеу тобы ұрлық жасағандарды ұстап, қаруды тәркіледі.

Жаңалықтар
0