Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қаза болғандар саны артты

© Sputnik / Владислав ВодневИнтенситі терапия палатасындағы дәрігер
Интенситі терапия палатасындағы дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирустан үш мыңнан аса науқас емделіп жатыр. Олардың арасында 89 пациенттің жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Бір тәулікте COVID-19 инфекциясы мен пневмониядан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 3 адам коронавирустан, ал 2 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

Бір тәулікте 59 адамда COVID-19 диагнозы расталды, 37 қазақстандық пневмонияға шалдықты.

Жалпы 13 наурыздан бері республикада 108 236 адам коронавирус жұқтырды, 1746 пациент көз жұмды.

Ал 1 тамыздан бері 33 608 адам пневмониямен ауырса, 360 науқас қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: COVID-19-бен байланысты қауіпті синдром байқала бастады: ғалымдар дабыл қақты

Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирустық инфекциядан 3 213 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 73 бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

Дәрігерлердің айтуынша, 89 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 12 адамның хәлі мүшкіл деп бағалануда. 19 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0