17:18 15 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD428.71
  • EUR519.12
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1613 0 0

Күдіктінің әйелі полицияға былтыр көктемде де арызданған, алайда кейін жәбірленуші күйеуін кешіріп, іс жабылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Түркістан облысында баласын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған ұлын ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео анықталды. Оқиға Қазығұрт ауданында болған. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы "Азаптау" бойынша тіркелді.

Полицияның ақпаратынша, дәл сол күні күдіктінің әйелі полицияға арызданған.

"Полицейлер ер адамды көп ұзамай ұстады. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын. Ерлі-зайыптының 2011 жылдан бері некеде тұрғаны анықталды. Үш баласы бар", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, әйел 2018 жылы күйеуінің ұрып-соғатынын айтып, полицияға жүгінген, бірақ арызданудан бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде тағы да дене жарақатын салу фактісі бойынша полицияға шағымданды. Алайда жәбірленуші күйеуін кешіргендіктен, әкімшілік өндіріс тоқтатылды. Осылайша ер адам жауапкершіліктен құтылып кетті.

Тағы оқыңыз: Полиция Түркістан облысында болған оқиғаға қатысты ақпарат берді

Полиция департаменті қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Кілт сөздер:
Түркістан облысы, ер адам, видео
Загрузка...

Басты тақырып