Қоғам

Sputnik Қазақстан тілшісі "Халық алғысы" медалімен марапатталды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы"Халық алғысы" медалі
Халық алғысы медалі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ольга Тонконог-Дәрібаеваға Қазақстан президентінің жарлығымен бекітілген  "Халық алғысы" медалі табысталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Алматыда ел мен қаланың коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі ортақ жұмысына белсенді қатысқан медицина қызметкерлері, еріктілер, жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

"Халық алғысы" медалі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен пандемиямен күресте айрықша көзге түскен азаматтарды ынталандыру мақсатында бекітілген еді.

"Алматыда 275 адамға "Халық алғысы" медалі табысталды. Олардың арасында 70%-і – денсаулық сақтау саласының қызметкерлері: дәрігер-реаниматологтар, инфекционистер, медбикелер, фельдшерлер және жедел жәрдем жүргізушілері, дезинфекторлар, санитарлық жұмысшылар. Оңтүстік астанада барлығы 18 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді", - деп мәлімдеді қала әкімдігінен.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров марапатты табыстай отырып, қала тұрғындары мен әкімдік атынан белсенді азаматтық позиция, жанқиярлық және кәсібилік үшін алғыс айтты.

"Мемлекет басшысы сіздердің еңбектеріңізді ерекше атап өтті. Оған "Халық алғысы" марапаты да дәлел. Сіздер індетке қарсы күреске өлшеусіз үлес қостыңыздар", - деді ол.

Еріктілер, қоғам белсенділері мен журналистердің еңбегі де елеусіз қалмады.

Марапатталған журналистердің арасында "Sputnik Қазақстан" халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Ольга Тонконог-Дәрібаева да бар.

© Sputnik / Тимур БатыршинSputnik Қазақстан тілшісі Ольга Тонконог-Дәрібаева
Sputnik Қазақстан тілшісі Халық алғысы медалімен марапатталды - Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі Ольга Тонконог-Дәрібаева

"Мен үшін күтпеген сый болды. Карантин бойы ақпарат таратқанымыз рас, жұмыс бастан асатын, кейде келеңсіз жағдайларға тап боламыз. Шындығына келсек, маңызды дүние жасап жатырмыз деп есептемейтін едік. Мен пандемиямен күреске атсалысқан барша жанға ризашылық білдіремін", - деді Ольга марапаттау рәсімінен кейін.

Айта кетсек, марапаттау салтанаты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық аспан астында өтті.

Жаңалықтар
0