Қоғам

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министріне электронды білезік тағылды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЭлектронный браслет по форме не отличается от обычных электронных часов и состоит из ремешка, который сделан из легкого пластика или резины с отверстиями для регулировки его длины
Электронный браслет по форме не отличается от обычных электронных часов и состоит из ремешка, который сделан из легкого пластика или резины с отверстиями для регулировки его длины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олжас Әбішев үйқамақта отыр, ол 500 миллион теңгені талан-таражға салды деген күдікке ілінген болатын  

АЛМАТЫ, 2 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген бұрынғы денсаулық сақтау вице-министріне қатысты тергеуді жалғастыруда. Қазір ол үйқамақта отыр.

"Оған жаңа технологияларды – электронды қадағалау құралын (білезік) қолдану арқылы үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстарына күдіктілер мен айыпталушыларға арнайы электронды білезік тағыла бастағаны хабарланған болатын. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тергеуге алынғандар да электронды білезік таға бастады 

Электронды білезік адамның аяғына тағылады. Онымен бірге ұялы телефонға ұқсас автономды станцияны ұстап жүру керек. Сол арқылы күдіктінің биометрикалық деректерін тексеруге болады. Білезіктің салмағы – 40 грамм. Аккумуляторы жарты жылға жетеді. Оны бұзуға немесе зақымдауға әрекет жасалса, арнайы сигнал бірден диспетчерлік орталыққа түседі. Күдікті емханаға немесе сотқа барса, арнайы маршрут сызылады. Сол жолмен ғана жүру керек. 

Жаңалықтар
0