Қоғам

Kazpatent коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге қатысты ақпарат таратты

© Photo : Официальный сайт президента Казахстана Глава государства посетил Национальный центр биотехнологии
 Глава государства посетил Национальный центр биотехнологии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Kazpatent Ұлттық зияткерлік меншік институты коронавирустың алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирус инфекция штаммын әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарап жатыр

АЛМАТЫ, 2 қазан – Sputnik. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты екі патенттік өтінім берді. Қазіргі таңда екі өтінім де Kazpatent-тің формалды сараптама кезеңінен өтті.

Күні бүгінге дейін БҚПҒЗИ ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді: оның бірі – мамыр айында "COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцина алу тәсілі" болса, екіншісі тамыз айында қабылданған өтінім.

"Яғни, ол COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирус инфекциясы вирусының "SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020" штаммы", – дейді институт директоры Ермек Қуантыров.

Қазір өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтіп жатыр. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі, деді ол.

Айта кетейік, патент өнертабыстың "жаңалық", "өнертабыстық деңгейге жеткендігі", "өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы" шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакциналар

Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19-ға қарсы үміткер вакциналардың тізімін жариялады.

Тізімге бірден бес қазақстандық әзірлеме кірді, алайда қазақстандық мамандар тек төрт вакцина бар екенін айтты.

Қазіргі кезде Қазақстанның білім министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген QazCovid-in вакцинасы сынақтан өтіп жатыр. Ол клиникаға жіберілген 38 үміткер вакцинаның бірі болып табылады.

Сондай-ақ, халықаралық 149 әзірлеме клиникаға дейінгі кезеңде тұр. Оның төртеуін қазақстандық мамандар әзірледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан тұмауға қарсы 2,2 миллион вакцина сатып алды - сапасы қандай?

Мұны биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты жасап шықты. Тағы үшеуі Қазақстан ұлттық аграрлық университетімен бірлесе әзірленген.

Жаңалықтар
0