Қоғам

Көмектес деп шақырған: астаналық әйел бұрынғы сүйіктісін өзін зорлады деп айыптады

© Sputnik / Абзал КалиевҚыз бетін жауып отыр, иллстративті сурет
Қыз бетін жауып отыр, иллстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны ұрып-соғып, күш көрсетіп, зорлаған. Таңғы жетіге дейін бөлмеден шығармай қойған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда әйел танысын өзін зорлады деп айыптады. Бұл фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға биыл 12-нен 13 шілдеге қараған түні болған.

"Ер адам бұрын қарым-қатынаста болған құрбысына телефон шалып, өзін алып кетуді өтінген. Қатты мас болғандықтан, үйіне өзі бара алмайтынын айтқан. Қыз көрсетілген мекенжайға келеді. Онда бір топ ер адам есірткі қолданып, ішімдік ішіп отырған", - деп жазды "Не молчи" қозғалысының белсендісі Дина Смайылова Facebook-те.

Әйел такси шақырып, танысын қонақ үйге жеткізеді. Ер адам есірткіні бірінші рет шеккенін, өз өмірі үшін қорқатынын айтып, одан қалуды өтінген.

"Қонақ үйде ер адам оны ұрып-соғып, зорлаған, қатыгездік көрсеткен. Қызды таңғы жетіге дейін жібермей, кейін өзі түк болмағандай кетіп қалған", - деп мәлімдеді "Не молчи" қозғалысынан.

Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің ақпаратынша, бұл фактіге қатысты "Есіл" ауданының полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды.

"Жәбірленуші күдіктімен 2015 жылдан бері таныс екені және бұрын жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Осы жылдың 12 шілдесінде ер адам оны саунаға шақырған. Ол жерде екеуі бірге уақыт өткізіп, кейін қонақ үйге барып, жыныстық қатынасқа түскен. 13 шілде күні таңертең жәбірленуші полицияға зорланғаны туралы арызбен жүгінді", - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Полициядан хабарлағандай, тергеу нәтижесі бойынша күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалды шешім қабылданады.

Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауда, деп сендірді департаменттен.

Жаңалықтар
0