Қоғам

Санитарлық нормалар сақталмаса, қатаң карантин енгізілуі мүмкін – Цой

© Photo : СЦКАлексей Цой
Алексей Цой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр бүгінде санитарлық нормаларды бұзу фактілері азаймай отырғанын, осыған байланысты айыпұл көлемі өсіп жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиндік шараларды күшейтуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз денсаулық сақтау саласын дайындап қойдық. Оны талай рет айттық. Ауруханадағы төсек орындардан бастап жасанды тыныс алдыру аппараттарына дейін бар. Бірақ бір нәрсеге кепілдік бере алмаймыз. Ол – әрбір адамның сақтық шараларын сақтап жүруі. Өкінішке қарай, бүгінде барлығы бірдей арақашықтықты сақтамайды, бетперде тақпайды", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, бүгінде санитарлық нормаларды бұзу фактілері азаймай отыр. Айыпұл көлемі өсіп келеді. Осының өзі халықтың санитарлық нормаларды сақтау дәрежесін көрсетеді.

"Әзірге жағдай тұрақты. Бірақ санитарлық нормалар сақталмаса, карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін. Сондықтан барлығы өз қолымызда. Егер сақтық шараларын сақтасақ, карантин енгізбеуге болады деп ойлаймын. Ал тәртіп бұзушылықтар тыйылмаса, қатаң карантин енгізу туралы кеңес беруге тура келеді", - деп түсіндірді Цой.

Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 5 қазаннан бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қосымша шаралар енгізіледі. Олар:

  • басқа елдермен әуе рейстерін қалпына келтіруді тоқтату;
  • бұған дейін ашылған әуе рейстерінің санын көбейтпеу;
  • Түркияға рейстерді қысқарту.

Бұдан бөлек, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітілді. Олар:

  • Дене қызуын өлшеу;
  • Сауалнама;
  • Коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама (мерзімі – 3 тәулік).
Жаңалықтар
0