Қоғам

Сенат депутаты үкіметке ауыл ата-аналарының өтінішін жеткізді

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттардың пікірінше, қоғамдық көлікті қажет етпейтін елді мекендерде оқушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше ауысым арқылы штаттық режимде оқи алады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Сенаттың бір топ депутаты 600 адамға дейінгі контингенті бар, оқушылар саны бір сыныпта 15 баладан аспайтын ауыл мектептерін дәстүрлі оқыту форматына ауыстыруды сұрады.

Қашықтан оқыту мәселесін көтерген депутат Алтынбек Нухұлы сауалын премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдады.

Сенатор қашықтан оқыту форматы ауыл мен қала мектептері арасында білім сапасын одан әрі алшақтатып жіберуі мүмкін деп санайды. Себебі ауыл мектептерінде оқу жабдықтары жеткіліксіз әрі интернет сапасы да төмен.

Айтуынша, қыркүйектен бері депутаттарға барлық өңірден 5-тен 11-сыныпқа дейінгі оқушыларды дәстүрлі оқытуға жіберу туралы ұсынысхаттар түсуде.

"Соның бір дәлелі – депутаттардың Семей қаласы мен Абай ауданына жұмыс сапары кезінде мектеп мұғалімдері мен ата-аналар санитарлық норманы сақтай отырып, барлық ауылдық мектепті дәстүрлі оқуға көшіруді ұсынды. Ауылдағы балалардың қарым-қатынасы қалаларға қарағанда қауіпсіз деп отыр. Олар ауылдың тыныс-тіршілігі мен табиғи ортасын ескеру керегін атап өтті. Біз бұл ұсынысты үкіметке жеткізуге уәделестік", – деді Алтынбек Нухұлы. 

Ол сенат депутаттарын ауылдарда орналасқан, қашықтан білім алатын контингенті 181-ден 600 адамға дейінгі мектептерге қатысты мәселе алаңдататынын жеткізді.

Депутаттардың пікірінше, қоғамдық көлікті қажет етпейтін елді мекендерде оқушылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше ауысым арқылы штаттық режимде оқи алады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, оқу жылы басталғалы 104 оқушы COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде үйде отырып, қашықтан оқитын балалар арасында 71 жағдай, мектеп қабырғасында кезекші сыныпта оқитын 33 балада анықталды. Яғни, дәстүрлі оқитын балалардың саны үйде отырып, қашықтан оқитындарға қарағанда екі есе аз", – деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз: ДДҰ басшысы бүкіл әлемдегі мектептердің ашылуы туралы ойын айтты

Сенаторлар үкіметтен ауылда білім беру сапасын жақсарту мақсатында 181-ден 600 адамға дейінгі контингенті бар, оқушылар саны бір сыныпта 15 баладан аспайтын, ауылдарда орналасқан мектептерді кезең-кезеңмен штатты режимде жұмыс істеуге көшіруді сұрады.

Жаңалықтар
0