Қоғам

Танымал қазақстандық актрисаның жұбайы дүниеден өтті

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актрисаның күйеуі 17 қыркүйекте қайтыс болған, оның неден көз жұмғаны белгісіз

АЛМАТЫ, 30  қыркүйек – Sputnik. Отандық "Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Әлия Телебарисованың күйеуі қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаралы хабарды актриса Sputnik Қазақстан тілшісіне растады. Айтуынша, жары Азаматтың қазасына коронавирус инфекциясының қатысы жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Telebarissova (@aliya_anuarbek)

Ал отбасының достары желіде жазба қалдырып, Азаматтың 17 қыркүйекте қайтыс болғанын хабарлады.

"Саған қандай да бір жолмен көмектесе алғанымызда ғой, бірақ сен біреуге салмақ салғың келмеді. Нағыз күрескер ретінде соңына дейін жеңіп шығатыныңа сендің. Азамат, сен біздің жүрегімізде мәңгі жас, көңілді, позитивті және талантты қалпыңда сақталасың", - деп жазды досы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дизайнер интерьера, декоратор (@gulzhan_arken)

Айта кетейік, актриса 2014 жылы мамандығы заңгер жігітке тұрмысқа шықты. Содан кейін елордаға қоныс аударды. 2016 және 2019 жылы туған екі қызы бар.

Жаңалықтар
0