07:16 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
56 0 0

Министр жылу беру маусымына дайындық басталғалы бері теміржолмен 22,1 миллион тонна көмір тасымалданғанын атап өтті. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ке артық

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов республикада көмір тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің мәліметінше, 28 қыркүйектегі жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық сектор көмір қорымен 76%-ке, тұрғындар 65%-ке қамтамасыз етілді.

"Барлық аймақта көмір қоры дайындалған және тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр", – деп сендірді Атамқұлов үкімет отырысында.

Айтуынша, 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халық үшін көмірге қажеттілік шамамен 10 миллион тоннаны құрады. Оның ішінде 2,8 миллион тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға, ал 7,2 миллион тоннасы тұрғындарға тиесілі.

Министр жылу беру маусымына дайындық басталғалы бері осы жылдың 1 мамырынан бүгінге дейін теміржолмен 22,1 миллион тонна көмір тасымалданғанын атап өтті. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ке артық.

Оқи отырыңыз: Көмір тиелген вагонмен Қазақстанға жеткен ресейлік жасөспірімдер Петропавлда ұсталды 

Көмір өндіруші компаниялар сегіз айдың ішінде 69 миллион тонна көмір өндірді. Ал көмір экспорты 18,5 миллион тоннаны құрады.

Тақырып бойынша

Оңтүстік Қазақстанда көмір тасушыларға бағаны келісіп сатты деген айып тағылды
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
"Тоннасы 20 мың". Баталов көмір бағасын қалай реттеп жатқанын айтты
Елімізде көмір қанша тұрады
Қарағанды облысында көмір шахтасы өртенді
Кілт сөздер:
жылу беру маусымы, көмір
Загрузка...

Басты тақырып