Қоғам

Қарағандының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрлан Әубәкіров биыл қыркүйекте Қарағанды қаласының әкімі қызметінен босатылған болатын

АЛМАТЫ, 30  қыркүйек – Sputnik. Қарағандының бұрынғы әкімі Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал Халел Әкімжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты корпорацияның басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Нұрлан Әубәкіров Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген және Қонаев атындағы гуманитарлық университетте "құқықтану" мамандығы бойынша оқыған.

  • Еңбек жолын бюджеттік банктің аға ревизоры болып бастаған. Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасында, Қарағанды облысы бойынша экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасында, Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде жұмыс істеген.
  • Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы, Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
  • 2009 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданын басқарды. Содан кейін Қарағанды әкімінің орынбасары болды.
  • 2011 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімі, 2012 жылдан 2014 жылға дейін Балқаш қаласының әкімі болды.
  • 2014 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарды.

Айта кетейік, 2020 жылы 23 қыркүйекте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Жаңалықтар
0