23:19 29 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1816)
5523 0 0

Ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысын күшейтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың екінші толқынына жол бермес үшін санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Вирустың репродуктивтік деңгейі 0,93-ті құрап отыр, бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Дегенмен, әлемде және бірқатар шекара маңындағы елдерде эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, біз санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет", - деді Мамин үкімет отырысында.

Осыған байланысты, премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне жылжымалы медициналық кешендер мен жедел жәрдем көліктерін, қажетті техника мен жабдықты, жеке қорғану құралдарын сатып алып, оларды 15 қазанға дейін өңірлерге жеткізу міндеті жүктелді.

Сонымен қатар, ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктері әкімдіктермен бірге санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысын күшейтуі тиіс.

"Санитарлық режимді бұзудың кез келген жағдайының жолын кесу қажет", - деді премьер.

Денсаулық сақтау министрлігінің шет елдерден келетін азаматтарды бақылауға алуды күшейтуге қатысты ұсыныстары ведомствоаралық комиссияда қаралатын болды.

Сонымен қатар, Мамин медицина ұйымдары мен дәріханаларда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Облыстар мен қалаларда дәрінің бағасына бақылау жүргізіледі.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1816)
Кілт сөздер:
коронавирус, Асқар Мамин
Загрузка...

Басты тақырып