Қоғам

Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды

© REUTERS / Kai PfaffenbachУченики в масках в классе во время урока в Германии
Ученики в масках в классе во время урока в Германии  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде мектепте дезинфекция жүргізіліп, балалар мен мұғалімдер үй карантиніне алынды. Ал сабақ қайта жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы басталғалы бері алты оқушыда коронавирус диагнозы расталды. Оның біреуі мектепке кезекші сыныпқа барып жүрген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңа оқу жылы басталғалы бері коронавирус жұқтырған 6 оқушы тіркелді. Оның біреуі мектепке барып оқып жүрген, қалған бесеуі қашықтан білім алуда", – деді Пірәлиева онлайн брифингте.

Айтуынша, кезекші сыныпта білім алатын оқушының індетке шалдыққаны анықталған соң, онымен байланыста болғандар тексерілген. Олар – алты мұғалім және 13 бала. Бәрінің коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті.

Мектепте дезинфекция жүргізілді, балалар мен мұғалімдер үй карантиніне алынды. Қазір бәрі сабаққа қайта оралды, деп толықтырды бас санитарлық дәрігер.

Оқи отырыңыз: Елорданың бас санитар дәрігері қандай жағдайда қатаң карантин енгізілетінін айтты

Пірәлиева қазіргі таңда мектеп мұғалімдері арасында вирус жұқтырғандар тіркелмегенін атап өтті.

Жаңалықтар
0