Қоғам

Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуКісен, адамдар, архивтегі сурет
Кісен, адамдар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық топ мүшелері ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактура жазумен айналысқан, ал жұмыстар орындалмаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысында бюджетке 776 миллион теңге шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының экономикалық тергеу департаменті қылмыстық топты "СТОП ОБНАЛ" жедел-іздестіру шаралары кезінде ұстады.

Топ мүшелері жұмыстарды орындамай, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан.

"Алдын ала есеп бойынша бюджетке келтірілген залал мөлшері 776 миллион теңгені құрап отыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық топтың басшысы мен оның мүшелеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1,2- тармағы бойынша (қылмыстық ұйымды, ұйымдасқан топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0