Қоғам

Нұр-Сұлтанда түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

© Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуНочной клуб. Архивное фото
Ночной клуб. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін 25 жастағы бойжеткенге заң бұзғаны үшін ескерту жасалып, тіпті жауапкершілікке де тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада карантиндік шараларды бірнеше рет бұзғаны үшін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісі бір тәулікке қамауға алынды. Полицейлердің хабарлауынша, тыйым салынғанына қарамастан 30-ға жуық азамат клубта бас қосып, ереже бұзғаны анықталған.

Ал түнгі клубтың әкімшісі бұған дейін де Әкімшілік кодексті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, аталған клубта сауық кеші ұйымдастырылған.

Осы жағдайға байланысты тиісті материалдар жиналып, сотқа жолданған. Сот үкімімен бойжеткен бір тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар, карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, "Алматы" ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Петропавлда түнгі клуб жанында екі қызды қағып кеткен байдың баласы ұсталды

Полиция өкілдері қала тұрғындарына ойын-сауық мекемелерінде коронавирусты жұқтыру қаупі артқанын ескертеді.

Жаңалықтар
0