07:58 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5805 0 0

Ан-26 әскери ұшағының бортында 27 адам болған, апат салдарынан тек бір курсант қана аман қалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Владимир Зеленский Украинада 26 қыркүйек аза тұту күнін жариялады. Қайғылы оқиғаның себебі анықталғанша Ан-26-ның ұшуы тоқтатылды. 

Крушение самолета на Украине
© Sputnik / Стрингер
Ұшақтың ішінде 27 адам болған

Ан-26 әскери ұшағы 25 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 20:50 шамасында Чугуев қаласының маңында, әскери әуежайдан екі шақырым жерде апатқа ұшырады. 

Ұшақтың ішінде 27 адам болған - әскери ұшқыштар мен курсанттар. Апаттан кейін Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі 25 адамның қаза болғанын хабарлады. Кейін тірі қалған екі курсанттың бірі көз жұмған.

Крушение самолета на Украине
© Sputnik / Стрингер
Украинада Ан-26 әскери ұшағы құлады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып