Қоғам

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

© Photo : Сайт АкордыҚасым-Жомарт Тоқаев, Бақытжан Сағынтаев, Алматы әуежайы
Қасым-Жомарт Тоқаев, Бақытжан Сағынтаев, Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ел президенті сапар барысында бірқатар нысанды аралап, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездеседі деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

Сапар барысында Тоқаев қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі.

Сонымен қатар, білім беру орталығын, индустриялық және  инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, президент Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Жаңалықтар
0