Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневИнтенсивті терапия палатасы
Интенсивті терапия палатасы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір республика бойынша коронавирус инфекциясынан 3 515 адам емделіп жатыр, олардың арасында қырық бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бен ковидтік пневмониядан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте төрт адам коронавирустан, бір науқас пневмониядан қайтыс болды.

61 адамда коронавирус диагнозы расталса, 231 адам пневмонияға шалдықты.

Жалпы 13 наурыздан бері 107 590 адам коронавирус жұқтырды, 1715 пациент көз жұмды.

Ал 1 тамыздан бері 31 991 адам пневмонияға шалдықты, 347 науқас қайтыс болды.

Қазіргі уақытта коронавирустан 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1 804 науқас жатыр. 1 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 98 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 13 пациент хәл үстінде жатыр. 22 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0