Қоғам

Шымкенттік тұрғын Бадам өзенінен ерекше балық аулады – фото

© Sputnik / Егор Еремов / Медиабанкке өтуОтлов рыбы
Отлов рыбы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбіреулер бұл пиранха тегінен тарайтын тұщы судағы сәулелі жүзбеқанатты балықтар түріне жататын қоңыр паку болуы мүмкін деп болжайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны Бадам өзенінен мөңке балық аулаған. Алғашқыда мән бермеген ол балықтың ерекше тісін көргенде абдырап қалған, деп хабарлайды жергілікті "Отырар" басылымы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

"Бес литрлік пластикалық бөтелкенің көлеміндей балықтың салмағы 1 300 грамм. Пішіні табан балыққа ұқсайды. Желбезектері қызыл түсті. Ал аузын ашқанымда адамдыкіне ұқсас тізбектелген тістерін көріп, шошып кеттім", – дейді Жеңіс Өзденбаев.

Кейбіреулер бұл пиранха тегінен тарайтын тұщы судағы сәулелі жүзбеқанатты балықтар түріне жататын қоңыр паку болуы мүмкін деп болжайды. Ал олар негізінен Амазонка мен Ориноко өзенінің бассейнінде жиі кездеседі. Ұзындығы 108 сантиметрге дейін жететін балықтың тістері төртбұрышты және адамның тістеріне өте ұқсас болып келеді.

Оқи отырыңыз: "Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі

Жаңалықтар
0