06:24 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
73 0 0

Қазылар алқасының мүшесі Хоуи Мэнделл қазақстандық жас әншінің сенімділігіне тәнті болғанын жеткізді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. America's Got Talent әлемдік шоуының 15-ші маусымының финалында көрермендердің дауыс беру нәтижесі жарияланды.

Қазақстандық Данэлия Төлешова үздік бестікке енбей қалды, америкалықтар оның қарсыласы болған Кристина Рэйге көбірек дауыс берді. 

Көрермендердің дауыс беруі бір тәулікке созылды. Нәтижесінде Брендон Лейк (Brandon Leake) жеңімпаз болды, ол өлең оқыған болатын.

Шоудың финалы Лос-Анджелесте өтті. Он төрт жастағы Данэлия Сианың "Alive" әнін орындады.

Ән салып болғаннан кейін қазылар алқасының мүшесі Хоуи Мэнделл жас әншінің сенімділігіне тәнті болғанын жеткізді.

"Барлық қатысушының арасында бала болсаң да ең тәжірибелі, ең сенімді болып көрінесің. Бүгін әншілердің бәріне қиын соғады деп айтар едім. Бұл – рас, себебі сен расында да керемет әншілермен бәсекеге түсіп жатырсың. Алайда бұл – байқау. Жеңімпазды қазылар алқасының таңдамайтынына қуаныштымыз", – деді Менделл.

Сондай-ақ, Данэлия танымал америкалық әнші Эйва Макспен (Ava Max) конкурстан тыс өнер көрсетті. 

"Егер менде "Алтын түймені" біреуге беру мүмкіндігі болса, мен оны Данэлияға берер едім", – деді қазылар алқасының мүшесі София Вергара. 

Айта кетейік, America"s Got Talent шоуының 15-ші маусымы мамырдың соңында басталды. Данэлия Төлешова Қазақстан атынан өнер көрсеткен жалғыз қатысушы.

Тақырып бойынша

Димаш пен Данэлия Төлешова Америкада әлемдік дарындылар шоуына қатысты
Данэлия Төлешова ата-анасы туралы айтып жатып, жылап жіберді – видео
"Бетіме тиіп кетсе қайтемін" Данэлия Төлешова неден қорқатынын айтты - видео
Данэлия Төлешова: Димашпен бірге ән айтуды армандаймын
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті – видео
Кілт сөздер:
әнші, Данэлия Төлешова
Загрузка...

Басты тақырып